• 28
    қараша
    жұма
Қажымұқан Абзал

Айтысты Қажымұқан бастап еді.

Хат айтыс

Ержеңіс Әбдиев

Ержеңіс ақын түйіндеп отыр.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы Мұрағат
Өлді деуге сыя ма?.. Мұрағат
Сөз-ақ қой! Мұрағат
  • Дос Көшім. Дәл қазір бізге керегі – ұлттық намыс пен рух Толығырақ »
  • Ербол Тілешов: Бұл оқулықтарды көру – ұят. Толығырақ »
  • Асылы Осман. Ұлттың басты байлығы Толығырақ »
  • Құл-Керім Елемес: Ер түзелмей - ел түзелмейді Толығырақ »
  • Назрахмет ҚАЛИ. Торттағы шырақ… Толығырақ »
  • Арман Бердалин. Кей қыздарды көрсем дүкендегі өтпей тұрған тауарлар есiме түседі Толығырақ »
  • Құл-Керім Елемес: Бір баланың тәрбиесі – бір мемлекеттің тәрбиесі. Толығырақ »
  • Жәннатқа адам тегін кіреді, тозаққа ақы төлейсің Толығырақ »
  • Серік Қалиев. Рамазан шаттандырып шалқытады, Толығырақ »
Алдаспан

Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ. ТАМАДАНЫҢ ТАҒДЫРЫН ОЙЛАҒАНДА...

Мәселен Нұржан Төлендиев секілділерді алайық. Жанып тұрған актер. Егер дұрыстап тәрбиелеп, бағын ашар болсаңыз, Джерар секілді жер жармаса да, ұлтқа қажетті өнер иесінің біріне айналар еді. Қазіргісі жүрдім-бардым,бүгін бар, ертең жоқ өтпелі мазмұнда.
  • 14 қаңтар, 19:28
  • /
  • 8440
  • /
  • 24

Қазақта той басқару, асаба деген қадірлі ұғым. (Қазіргілерді айтып отырғамыз жоқ). Ол кезде бір әулет тойдың, тілеудің тізгігін осы кездегідей өздері де танымайтын әлдебіреуге ұстата салмайтын. Олай етуді қорлық санайтын. Өз әулетінің жиын-тойын басқарып сөз сөйлейтін бір адам шықпай, төріңде өзге саған үш қайнаса сорпасы қосылмайтын біреу сарнап басқарып тұрса әрине намыс қой білген адамға. Қонағы билейтін жаман үй болғысы келмейді. Туыс-туған, жөн-жоралғы деген бар, нағашыға жиендік наз, жиенге нағашылық базына дегендей бүкіл туыстық қатынасқа сай сөздер өз орнымен болуы керек. Қысқасы, той басқарған адам әулеттің жағдайына қанық және жанашыр болуы басты шарт.

Ал, қазір ше?

Сексенге келген апаға тамаданың «Көрерменге неге қарай бересіз, жігіт іздеп тұрсыз ба?» дегенін естіп төбе құйқамыз шым-ыр-лап кеткені бар. Үйбай-ау, тойда, келіні, балалары, күйеу балалары, немерелері... бәрі отыр емес пе! Ауылдағы ең қадірлі анаңды, өзің де танымайтын біреу келіп бүкіл елдің алдына шығарып алып мазаққа айналдырып тұрса қорлық емей не? Және оған ақша төлесең...

Қайран апам, қайран қазақтың аналары-ай! Ұяты жүзіне ойнап шықты. Булығып жыларманға жақындап өңі бір қызарып, бір сұрланып көп тұрды. Ақыры күлген болды, күле алмады, ыңғайын жасады. Көкірегіндегі арпалыс көзге ұрып тұр, бірдеңе деп айтып қалайын десе өз тойымды өзім бүлдіріп туыс-туған, бала-шағаларды ұятқа қалдырармын ба... Оның үстіне қазіргі жастар, өркениет солай шығар... деп өзін әрең жөнге салған аянышты бейнесі көз алдымызда қалды.

Әй, әй, әй, қазақтың бүкіл иманы мен ұятын, кісілік келбетін осы «өркениет» аяусыз тұншықтырып келеді-ау. Аяусыз!.. Сол «өркениеті» ме, басқасы ма миыңызға бір сіңіп алмасын, сіңіп алса ары қарай өзіңізді қорлауға ақша төлеп, оған ыржақтап күліп отыратын боласыз. Ең жақын туысыңды Ермектің киносына ертіп бара жатқаның секілді ме бірдеңе әйеуір. Әлде басқалай, мысал көп енді. Қашанда қазақтікі қаңсық болмақ. Сосын  ары қарай "қазақ десең өзіңе тиеді" деп қойып күстаналу басталады. Ата-бабамыздың бір тойды қалай өткізуінің өзінде-ақ қаншама даналық ұстанымдар жатқанын біз бейбақ... әй, түйсіне де алмай жүріп ғұмырымызды тауысып алатын шығармыз...

Жә, автордың facebook-тегі парақшасынан алынған тамадалар тақырыбындағы мақаланы оқыңыздар, ой қосыңыздар. Бірақ бұл мәселенің салдары ғана секілді әзірге. Тамадаларға ғана арналыпты. Бұйырса осы мәселе жөнінде алда толығырақ сөз қозғайтын боламыз.

-         Редакция

 ТАМАДАНЫҢ ТАҒДЫРЫН ОЙЛАҒАНДА...

«Есек кәртейсе жорға болады» демекші, осы мені үнемі ТАМАДА қартайса кім болады деген сұрақ мазалайды. Бір қарағанда мәнсіз ой секілді. Бірақ түбіне тереңірек бойласаң, әсіресе бүгінгі қазақ қоғамы үшін аса маңызды екенін аңғарасың. Сол үшін бұл жазбаны сабырмен оқуларыңызды сұраймын. Бұған біраз тамада достарым ренжуі мүмкін, өкпелесе өкперелі түс...песін. Біздікі талқыға салу...

Сонымен тамада қартайса кім болады? Жалпы осы тамада болатындар кімдер? Осы сұраққа жауап берелік әуелі. Тамада болу да өнер. Бірақ ең сүйкімсіз, ең бір қадірсіз өнер. Ешкім жетіскенінен тамада болмайды. Бәрінікі қу құлқынның қамы. Тамаданың басты міндеті әлдекімдердің көңілінен шығу. Қалай болса да, той иесінің әрі тойға жиылған қауымның алдында сайқымазақ ойын көрсету. Өзінің бағасы сайқымазақтығына қарай өлшенеді. Жұртшылықтың көңілінен шығу оңай болсын ба? Күлдіру үшін не істемейді дейсіз. Ойдан-қырдан өтірік құрастырып, әзіл-оспақ әзірлеп, тост айтушылар мен той иесін жөнді-жөнсіз мақтап, күн кешеді. Мұнда өзіндік ұстаным деген жоқ. Сіз жалдамалы құлы секілдісіз. Қалайда көптің көңілінен шығу басты міндет екенін ұмытпайсыз. Ең аярлығы, тойда ұзақ уақыт тамада болғандардың аузының дуасы кетеді. Олар әрқашан жалған мақтауға, көпіртіп өтірік лепіре сөйлеуге, қалайда біреудің көңілінен шығуға ұмтылып тұрады болмаса керісінше, біреуді жамандап, өсекші жеңгейлер секілді бірді бірге жағыстырып, шағыстырып өмір сүруді дағдыларына айналдырады. Сенбесеңіз, тамадаларға назар салыңыз айналаңыздағы. Сөзінің де, өзінің де мағынасыздыққа мейлінше берілгіш екенін байқайсыз. Олар қай ортада жүрседе, өздерін тамада ретінде сезінеді. Жағымпаздық, іштарлық, тоғышарлық көздерін көлегейлеп тастағаны соншалық, өзінің осы бір мағынасыз кәсіптің кәнігі құлы екенін мақтан етуден арланбайды. Тамадалыққа бейімдердің көбі тіл мен жағына сүйенген, мектепте жүргенде бірер кітап оқыған, университетте КВН-ге қатысқан яки журфак пен филфакты жағалаған немесе содан білім алған, өнер саласындағы әлдебір мамандықты қудит-судитпен бітіргендер... Жол-жөнекей қосылғандары қаншама? Олардың телеарнада, радиода тыңдармандары мен көрермендері көп, тым құрығанда агентте үш қыз, фейсбукта төрт жақтасы бар...

Егер әлдебір әртістер тамада болмасын деңіз. Мейлі әншісі, мейлі актері болсын, олардың өнерінде береке, ой саларлық салмақтылық болмайды. Жылтыңдап, эфирден түспеуге құмартады. Олар өнерді танымалдыққа жұмсайды. Сондағы мақсаттары біреу: тойда өтімді тамадаға айналу. Басты орынға өнерді емес, тойды қояды. Тамада болу үшін, яки тойда ән айту үшін. Қазір екі актердің бірі тамада, үш әншінің екеуі тойшыл. Мәселен Нұржан Төлендиев секілділерді алайық. Жанып тұрған актер. Егер дұрыстап тәрбиелеп, бағын ашар болсаңыз, Джерар секілді жер жармаса да, ұлтқа қажетті өнер иесінің біріне айналар еді. Қазіргісі жүрдім-бардым,бүгін бар, ертең жоқ өтпелі мазмұнда.  Бірақ олар ондай биікке ұмтылмайды. Керісінше, жалған да мәнсіз бағдарламалар мен тойларға үйір. Бір кем дүниенің бірі осы.

Егер ақын тамада болса, құрыды дей беріңіз. Олардың жазған жыры арзан ұйқасқа, жеңіл әзілге, жаттанды тақпақшылдыққа құрылады. Менің бір ағам бар. Өзі әдеби ортаға танымал ақын. Бірақ соны көрсем, мағынасыздыққа  толы сөздері мен жалынсыз, жадау жүзін көріп, тезірек құтылуға асығасың. Ал ол болса, түкке  тұрмайтын арзан ойларын жерден жеті қоян тапқандай күлкілі етіп баяндағанына мәз болып тұрады қашан көрсең. Сөздері де, күлдіргілері де жаттанды, жауыр болған дүниелер. Мұндай достарымыз жетерлік. Тізесі шыққан, әр тойда жыртыс секілді жыртылып жататын әзіл сымақтарын келсін-келмесін айта береді, айта береді...

Егер жазушы тамада болса, құдай төбесінен ұрды дей беріңіз. Олардың жазған дүниелерінде тұщымды ештеңе болмайды. Тақырыбы, ойы тәп-тәуір болса да, ол толық қанды әңгіме жазу қабілетінен айырылары мұнда тұрған іс. Жазған бірер жақсы дүниесі кезігіп қалады. Бірақ олары алғаш бастаған кезінде жазған болуы мүмкін. Қалған дүниелері арзан күлкіге шүпілдеген, ауылдың баяғыдан айтылып келе жатқан, құлағымыз жауыр болған тақырыбын айналсоқтауға әуес. Прозасы проза секілді, әңгімесі әңгіме секілді бірдеңе. Дүмбілез. Бірақ толыққанды шығарма немесе әңгіме емес, езу тартуға болар, бір оқысаңыз, ойыңыздан көбіктей тез өшер толымсыз туынды екенін байқау қиын емес. Менің бір досым бар, өзі мықты тамада. Жазғандары күлкі шақырады. Бірақ толымды ештеңе жоқ. Бір қызығы, оны әлеуметтік желілердің оқырман сияқтылары ауыздарынан сулары ағып, тамсана мақтап жатады. Өзіне де керегі сол. Агенттегі әлгі бір үш қыз бен фейсбуктегі төрт жігіттің көңілі үшін, солардың мақтауы үшін жазады не жазса да. Тамадалық дегеніміз сол, ең бастысы әлдекімдердің көңілінен шығу ғой. «Сұмдық, осыны қайдан таптың, недеген пәлесің?» деген толып жатқан мақтаулар үшін, ойына келгенін тізіп, астына әңгіме деп жазып қояды. Мұндай өлермендігіне, көңілден шығу үшін барын салатын «еңбекшілдігіне» қарап, қарадай аяйсың.Кафканың «Ашығу өнері» деген әңгімесіндегі бар күшін жұртшылықтың көңілінен шығуға, сөйтіп өзіне аяушылық пен батыл екен дейтін лепесті бұруға тырысатын әлгі бір сайқымазақ кейіпкері секілді, бейне.

Егер тамадаңыз саясаткер болса, онда өнер емес, тұтас қоғам зиян шегеді. Өкініштісі сол, қазіргі саясаткерлер мен билік мінбелеріндегілердің көбі тамадалар. Олар әлдекімнің көңілінен шығу үшін барын салады. Оларға халықтың көңілінен шығу міндет емес, тек әлдекімнің көңілінен шығулары керек. Байқайсыз ба, соңғы кездері бұл тіптен қалыптасқан үрдіске айналып бара жатқандай. Бір кісінің көңілінен шығу үшін жөнсіз, қисынсыз мақтау етек алғалы көп болды. Әй дейтін ешкім жоқ. Жағымпаздықтың жарысы, өтірікшілдіктің асқан озық үлгісі қалыптасты. Бірінен бірі өтеді. Бәрі өздерін тойда жүргендей сезінеді. Саяси тойлардың сандырағы мен қарапайым тойларыдң сценарийі жіті бақыласаңыз, бір анадан туғандай ұқсас екеніне көз жеткізесіз. Той иесінің көңілінен шығу үшін маймыл болуға әзір. Шынлдығында, маймыл болу тамадалықтың ең басты принципі деуге болады. Сайқымазақтың мұнан өткен сорақылығы болмас. Менің бір жақсы көретін ағам бар. Депутат. Бұрын салиқалы ойларымен ұнаушы еді.Әлде өзім солай деп сезінген шығармын. Өзін еркін пікірдің иесі сезінетін. Қазір барып тұрған суайттың өзі. Тамадалардай мағынасыз сөйлей береді. Елді күлдіргісі келетінін қайтерсіз сөйте тұрып. Қоспайтын жерге, бір кісінің атын қосып, әлдебір ауылдағы момын тұрғынның ешкісі егіз тапса да, сол кісінің арқасында буаз болып, егіз лақ тапқанын шімірікпестен айтып тұрады. Күлу былай тұрсын, аяғаннан жылағың келеді.

Қорыта айтқанда, тамадалықта ауру секілді. Күлдірем деп бүлдіріп, ел арасына рушылдық пен жершілдіктің, талғамсыздықтың ұрығын сеуіп жүргендей сезіледі маған. Сіз қалай ойлайсыз? Айналаңызда тамада бар ма, бар болса іс-әрекетіне, сөйлеу мәнеріне, айтқан әңгімесіне зер салыңызшы, Сіздің көңіліңізден шығу үшін өтірік жағымпазданып, болмаса әлдебір кісіні өтірік мақтап яки тағы да сіздің көңіліңізден шығу үшін жерден алып, жерге салып, әйтеуір біреудің көңілінен шығуға талпынып тұрған жоқ па? Егер солай болса, абайлаңыз, дерт жұқпалы, сізде мағынасыздыққа өз өзіңізден жұтылып кетпеңіз...  

Тамада қартайса кім болады екен? Бұл – маңызды сұрақ...

Теги : айтыс , Тоқтарәлі , Асаба , Тамада

Пiкiрлер (24)

  • Жаңада сөзім, жаңада,
    сан сұрақ тұр-ау санада.
    Саясаткердің бәрі әртіс,
    Әртістің бәрі тамада.

    Айтақын айтқан сөз еді. Жалпы дұрыс жазылыпты.Мазақ боп бітті ғой қазақ
  • Жақсы асабалар бар әрине. Тоқтарәлінің айтып отырғаны олар емес екені анық.
  • Тоқтарың төтелей соққан екен. Ер!!!
  • Ой, керемет жазылған екен. Алға жігіттер.! Қазақтың тойы той емес, ыржақ, қылжақ, орысқа еліктеп ар, ұяттан айырылған бірдеңе болды қазір. Үлкендер лаззат алғанды қойып қысылып-қымтырылып әрең отырады.
  • Апаңды "келін" киносына апара жатқандай десей
  • Тамада қартайса - Тоқтарәлінің жақтасы болады.
  • "Қайран апам, қайран қазақтың аналары-ай! Ұяты жүзіне ойнап шықты. Булығып жыларманға жақындап өңі бір қызарып, бір сұрланып көп тұрды. Ақыры күлген болды, күле алмады, ыңғайын жасады. Көкірегіндегі арпалыс көзге ұрып тұр, бірдеңе деп айтып қалайын десе өз тойымды өзім бүлдіріп туыс-туған, бала-шағаларды ұятқа қалдырармын ба... Оның үстіне қазіргі жастар, өркениет солай шығар... деп өзін әрең жөнге салған аянышты бейнесі көз алдымызда қалды." жүректі дір еткізеді екен қайран апаларым-ай
  • Тамада, яғни асаба шешендік өнерге жақын, суырып салма, мәдениетті, әдепті болуы қажет. Бұрынғының сал серілері, көпшілікті ауызына қаратқан өнерпаздары сияқты болуы керек бүгінгі асабалар да. Қаншама тойда байқағанымдай, өзіміздің жақын туысымыздың тойында да асабалардың кемшін тұсын байқан қаламын да отырамын, өзімше сыни көзбен қарап. Сол әулеттің беделді абыройлы, ел танитын, тіпті бүкіл республикаға танымал ақын туыстары да келді тойға. Сол ақынды атақ-дәрежесін жазып бергені бойынша асаба оқып, ортаға шақырды. Оқығанда да қателеп, ежіктеп оқыды десек те болады. Бұл асабаның басқа басқа ақынды танымауының көрінісі, тіпті танымайтынын байқатып тұр. Сонда ол қандай асаба деп ойлап қалдым. орнына сол тойға келген екінші бөгде қонақ, сол сөз сөйдеген туыс ақынды танып, беделін асқақтатып, айтып жатты. міне тамадаларымыздың бір білместігі. Сол әулетті таымайды да, ал келген құдалар бір-бірін тану үшін, сол екі жасты екі жаққа кімдер екенін насихаттап, қандай әулеттен қыз алды, қай әулетке келін болды деген сұраққа алаңдауды басатын да тамада болуы керек қой, сол екі елдің жақсысын асырып айтып, бір -біріне деген сыйластықты, қадырды арттыру керек емес пе. Егер де бір үлкен адам шығып осылай айтып, егжей-тегжей қозғай бастаса, ой апа-ау, ой ата-ау микрафонды қайтарыңыз, деп тартып алғандай болады. Бұл асабаға ғана, одан қалса, сөздің қадірін білмейтін меймандарға ғана ұзақ сонар шежіре көрінер, ал сол той иелері үшін ол біліс, таныс екендігін ескеру керек. Тойға келген туыстар тыңдайды, содан кімнің-кім екенін біліп қайтады гой. соның бәрін асаба неге ескермейді... Соған сай етіп, той сценарийін құрсын, шын асаба болса.
  • Тоқтарәлінің айтқанында негіз бар! Бірақ, бұл тақырыпты толықтай зерттемеген! Рас, арзан ауыз асабалар көбейіп кетті. Не көбейсе, соның қадірі қашатыны заңдылық!
  • Ақын Қалқаман Сарин тамада болған адам. Қазір өлеңдері қандай керемет! Тоқтарәлінікі қырт сөз! Мына жазғанға сенсек, той қалай өтукерек сонда...
  • Сойған екен. Ана бір кейіпкерлер дос, ағалары тулайтын шығар іштей. Ені тамада көрсем біртүрлі болатын құсап тұрғаным
  • Оп па!
  • Өлтіріпсің Тоқа!
  • Жағдай қиын көрінеді ғой
  • Жақсы асабалар бар әрине. әркім өз туысының арасынан екі сөздің басын қосып сөйлей алмайтын адамға той басқарта берсе, тойдың сәні кетпей ме????

    тойды кәсіби асабалар басқарғаны дұрыс.
    ал Тука МЫҚТЫ әртіс болғанымен мықты деп асаба деп айтуға ауыз бармайды...

    ешкім танымайтын әртістердің ішінен талай мықты асаба шыққан.
  • жарайсың
  • Өте өзекті мәселе! Асабалардың маймыл екені өтірік емес. Ал тойдың тоғашыларының жағдайы бөлек!
  • Тоқтарәлінікі қыртқан сөз!Қолынан ондай өнер келмеген соң қыртып отыр. Ертең өзі той жасап, жиынын тамадасыз өткізсе әкел қолыңды! Қазақ ақындарының жоқ жерден ақыл айтып,кежегесі кері тартатыны не осы? Әрбірден соң өз басым Тоқтарәлінің ақындығына күмәнмен қараймын. Сен секілді далбаса ақынсымақтан, сөзін түзу сөйлей алатын асаба мың есе артық!
  • барін есекке тенегендей кыпты. озі кім екен. озін ненін айгырысын дегендей гой шаншардагы. макала емес, шакалак екен
  • асаба жайында әдемі айтқансыз! келісемін!
  • Оттау. ақын айтты екен деп илана берудің керегі жоқ. Тамада досына деген ренішін бәріне тигізіп жазу ақымақтық. тамада боп жүрген адам да өмірін мәнді өткізуі мүмкін. ал сенің ақын деп жүрген талай ағаң сарай ақыны боп былжырап жүр. Көпке топырақ шашып керегі не. жігіт болсаң, шынымен тіліп түсетін ақынмын десең атын атап жазбайсын ба жалпы атаудың артына тығылып қатын құсамай. жоқ әлде байдың асын байқұс қызғанады дегендей ма
  • Тока каралайтын адамыннын атын айт. Сен менi танисын, бiрак бетiме ондай сын айтпапсын. Колыннан келсе озiн де осы касiппен айналысар ен. Мысыкка колы жетпеген еттiн барi сасык.
  • Сауатты асабалар жок десен маган хабарлас, сенi танкалдыра аламын айтеуiр. Багамды толей алсан арине. Сенiн корiп жургендерiн аркiмнiн енбекпен жазгандарын жаттап, дайын аска тiк касык боп журген арзанкол(китайский) асабалар.
  • Филфакты бітіргендер деп сөзге косыпсыз.Ешқашан ол мамандыққа сөз келтірмеңіз.Көпке топырақ шашудың керегі жоқ. Содан кейін қазіргі заманда ешкім еріккеннен тамада болып журген жоқ.Бала-шағасының қамы үшін,ешектің артын жуып нан тапқандай өмір сүріп жатыр халық. Мен тамада емеспін,бірақ Филолог мамандығын алған азаматпын.

ПІКІР ҚОСУ